📌 Колледж жатақханасында дерматомикоздардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді

    📌 Колледж жатақханасында дерматомикоздардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді
    СҚО СЭБД, Петропавл қалалық СЭББ мамандары және колледж бен жатақхана басшылығымен бірлесіп, жатақханада тұратын студенттер арасында дерматомикоздардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
    ⚡️ Студенттерге саңырауқұлақ инфекцияларының негізгі таралу жолдары, олардың таралуына ықпал ететін факторлар, дерматомикоздардың клиникалық белгілері және медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
    ⚡️ Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, бөгде адамдардың сүлгілерін, киімдерін, аяқ киімдерін және басқа да жеке заттарын пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ душ бөлмелерінде, санитариялық тораптарда, киім ауыстыратын бөлмелерде және басқа да ортақ пайдаланылатын үй-жайларда санитариялық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    ⚡️ Сонымен қатар студенттерге ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық қызметкерлер мен әкімшілікті уақтылы хабардар ету, тағайындалған емді сақтау және ауру анықталған жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау қажеттілігі түсіндірілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары