
2026 жылғы 02қазанда Петропавл қалалық мәслихатыныңкезектен тыс 41сессиясы өтті. Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып депутаттар сессияны ашты.
Петропавл қалалық мәслихатыныңкезектен тыс 41 сессиясы күн тәртібі
1. «2026 – 2028 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 1/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «2026 – 2030 жылдарға арналған Петропавл қаласының даму жоспарын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 1/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы».
4. «Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 2/25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық Комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.




