Құрметті ұстаздар! Ардақты білім саласының қызметкерлері!

    Құрметті ұстаздар! Ардақты білім саласының қызметкерлері!
    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    ✅ Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, елдің ертеңін қалыптастыратын аса жауапты әрі абыройлы мамандық иесі. Сіздердің шәкірттерге сапалы білім беріп, олардың бойына отансүйгіштік, адамгершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңірудегі еңбектеріңіз зор құрметке лайық.
    🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаз еңбегіне айрықша мән беріп, «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» екенін атап өткен болатын. Бұл – мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін айқындайды.
    ✅ Ауданымыздың білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың кәсіби білімі мен қажырлы еңбегінің арқасында талай шәкірт биік белестерді бағындырып, түрлі білім додаларында ауданымыздың мерейін асырып келеді.
    ⚜️ Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы әрдайым сіздерге қуаныш сыйласын!
    Ұстаздар күні құтты болсын!
    Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!
    Еркеғали ӘЛІМҚҰЛОВ,
    аудан әкімі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары