
Орман өрттерінің алдын алу, жедел әрекет ету және заманауи технологиялар: қазақстандық мамандар Корея Республикасының тәжірибесімен танысты. 2026 жылғы 14–22 қыркүйек аралығында кореялық серіктестердің қолдауымен Корея Республикасында орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру мәселелері бойынша тренерлерге арналған мамандандырылған оқыту өтті. Оқытуға Қазақстанның әр өңірінен орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы 14 маман қатысты. Бағдарлама барысында қатысушылар: орман өрттерінің алдын алу; өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру; жедел ден қою; заманауи технологияларды қолдану бағыттары бойынша Корея Республикасының озық тәжірибесімен танысты. Оқу қорытынды бойынша мамандарға сертификаттар табысталды. Алынған білім мен практикалық тәжірибе Қазақстандағы орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру жүйесін одан әрі жетілдіруге пайдаланылатын болады. Халықаралық тәжірибе — қазақстандық орман күзетінің кәсіби даярлығын арттырудағы маңызды қадам.









