Құрметті ұстаздар! Сіздерді шын жүректен Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

    Құрметті ұстаздар! Сіздерді шын жүректен Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

    Құрметті ұстаздар!

    Сіздерді шын жүректен Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

    Сіздердің еңбектеріңіз – тек білім берумен шектелмейді. Бұл – үлкен жауапкершілікті, сабырлылықты және жүрек жылуын талап ететін күнделікті қажырлы еңбек. Сіздер балалардың қабілетін ашуға көмектесіп, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, өз күшіне деген сенімін арттырасыздар.

    Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметін тілеймін!

    Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!

    Аудан мәслихатының төрағасыБ. Ахметов

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бейімбет Майлин аудандық мәслихаты" жаңалықтары