
Судьяларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды 2026 жылғы 3 қыркүйектегі аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына орналасуға іріктеуге қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырады.
Пікірді Кеңестің сайтында ағымдағы жылдың 16 қазанына дейін «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде ( өту) қалдыруға болады.
Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар кәсіби, жеке қасиеттер және үміткерлерге қатысты басқа да назар аударарлық жағдайлар зерттеледі.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты









