Мақала: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — адал мемлекеттік қызметтің негізі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Мақала: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — адал мемлекеттік қызметтің негізі

    Мемлекеттік қаржыны тиімді басқару заңдылық, ашықтық және жауапкершілік принциптерін сақтамай басқару мүмкін емес. Қаржы органдары үшін бұл принциптер ерекше маңызға ие, өйткені олардың қызметі бюджетті жоспарлаумен және орындаумен, мемлекеттік қаражатты бөлумен және пайдаланумен, сондай-ақ қаржылық тәртіпті сақтауды бақылаумен байланысты.

    Сондықтан да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Тек жасалып қойған бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғуы мүмкін жағдайлар мен себептерді уақтылы жою маңызды.

    Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістер аталған жұмыстың профилактикалық бағытын күшейте түседі. Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII Заңы мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу механизмдерін дамытуды қарастырады, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап осы салада жаңа талаптар енгізіледі.

    Қаржы саласының қызметкерлері үшін мүдделер қақтығысы мәселелері ерекше маңызға ие. Бюджет мәселелерін қарастыру кезінде, қаржылық шешімдер қабылдауда, қаражатты бөлуде және мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасау кезінде қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен бейтараптығына жеке мүдделіліктің әсерін жою қажет.

    Мүдделердің әлеуетті қақтығысын уақтылы анықтау сыбайлас жемқорлық тәуекелін бұзу орын алмай тұрып болдыруға мүмкіндік береді. Бұл заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі принциптерінің бірі — бұзушылыққа жол бермей, оның алдын алу.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет күнделікті жұмыс барысында қалыптасады. Бюджет қаражатына жауапкершілікпен қарау, шешім қабылдау кезіндегі объективтілік, белгіленген рәсімдерді сақтау, қаржылық процестердің ашықтығы мен айқындылығы, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсаттар үшін пайдалануға жол бермеу — бұл жай ғана заңнама талаптары емес, мемлекеттік қызметшінің кәсіби этикасының негізі.

    Мемлекеттік органдардың басшыларына ерекше рөл тиеліп тұр. Дәл осы басшы өз жеке үлгісімен ұжымның заңдылық, жауапкершілік және қызметтік міндеттерін адал атқару мәселелеріне деген көзқарасын қалыптастырады.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір мемлекеттік қызметшіден, қабылданған әрбір шешімнен және әрбір іс-әрекеттен басталады.

    Сонымен қатар, қаржылық процестердің ашықтығы, мемлекеттік қаражатқа жауапкершілікпен қарау және әрбір қызметкердің жеке адалдығы — азаматтардың сенімін нығайту мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың маңызды шарттары болып табылады.

    Ақмола облысының

    қаржы басқармасы басшысы

    Т.Ю. Белая

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары