
Құрметті Қойтас ауылдық округінің тұрғындары!
Бекітілген кестеге сәйкес 2022 жылғы 03 наурыздағы № 826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында:
21 қазанда сағат 11:00-де Ажы ауылының клубында Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мукатов және Қойтас ауылдық округінің әкімі И.К.Ахметов 2026 жылдың 9 айының қорытындысы туралы есептік кездесу өткізеді. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдайды.
Әкімдікте тұрғындардың ұсыныстары, ескертпелері мен пікірлерін қабылдау үшін арнайы жәшік орнатылған.






