
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында электр және жылумен жабдықтау объектілеріне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Петропавл қаласында ТМ-2, ТМ-3, ТМ-6 және ТМ-8 төрт жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары аяқталды.
Жұмыстар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 5,6 км жылу желілері ауыстырылды.
Жылу магистральдарын жаңарту жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, жылу шығындарын азайтуға және қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған.
Аумақтық департамент Солтүстік Қазақстан облысындағы электр және жылумен жабдықтау объектілерінің 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.








