БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

    БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарын Алмалы ауылдық округінде жалғастырды.
    Аудан басшысы алдымен Бәйдібек ата ауылындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында алдымен ауыл әкімінің у.м.а. Оразбек Сүлейменұлы баяндама жасап, округ тыныс-тіршіліген мәлімет берді.
    Кездесуде аудан әкімі тұрғындарға сөз беріп, олар өз кезегінде инфрақұрылымға қатысты бірқатар сұрақтарын қойды.
    Басқосуда көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріліп, олар бақылауға алынды.
    Жиыннан соң Ұласбек Сәдібекұлы елді мекендегі спорт кешенін және орталық саябақты аралап көрді.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары