Қаланың тазалығы — әркімнің жауапкершілігі: Астанада 37 мыңнан астам құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды

    Қаланың тазалығы — әркімнің жауапкершілігі: Астанада 37 мыңнан астам құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды

    Астанада қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ абаттандыру қағидаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасуда.
    Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру талаптарын сақтамағаны үшін 37 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
    Полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстауды қамтамасыз етпейтін ұйымдарға да шара қолдануда.
    Мәселен, аумақты уақтылы тазаламағаны үшін құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
    Астана полициясы абаттандыру қағидаларын сақтау барлық азаматтар, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін міндетті талап екенін еске салады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары