Қарттар күніне орай ауыл қарияларына құрмет көрсетілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қарттар күніне орай ауыл қарияларына құрмет көрсетілді

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Тамды ауылдық округінде ауылдың жасы үлкен қарияларына құрмет көрсетіліп, мерекелік құттықтау ұйымдастырылды.

    Ауылдағы мекеме қызметкерлері ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелердің шаңырақтарына арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

    Қариялар – елдің берекесі мен бірлігінің ұйытқысы, кейінгі ұрпаққа ақыл-кеңесін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан асыл жандар. Олардың өнегелі өмір жолы мен ел игілігі жолындағы еңбегі – жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі.

    Мерекелік шара барысында ауыл қарияларына ізгі тілектер айтылып, сый-құрмет көрсетілді. Ақсақалдар мен әжелер өз кезегінде ақ баталарын беріп, ауылдың ынтымағы мен елдің тыныштығын тіледі.

    Қариясы бар ел – қазыналы ел.

    Барша ауыл қарияларына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары