
Қарттар күніне орай Достық ауылдық округ әкімі Е.Енсебаев «Қазыналы қарттарымыз аман болсын» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ қарттарға деген ізгі ниет пен қамқорлықты арттыру. Шара барысында қазыналы қарттарға жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, жастарға ақ баталарын берді. Қарияларымыздың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал олардың ақылы мен батасы – баға жетпес рухани қазына. Барша ардақты қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!
Қазыналы қарттарымыз аман болсын!









