
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Балпық ауылдық округінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауылдың ардагерлері мен қазыналы қарттарына құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі.
Мерекелік шара барысында қарттарға жылы лебіздер арналып, сый-сияпаттар табысталды. Әсем әндер шырқалып, көңілді концерттік бағдарлама ұсынылды.
Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! 💐









