
«Абайлаңыз, құтырма!»
Павлодар облыстық радиосының эфирінде Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Алмагүл Исаханова құтыру ауруының алдын алу мәселелері туралы айтып берді.
Эфир барысында:
- құтыру ауруының қауіптілігі;
- инфекцияның берілу жолдары;
- аурудың алдын алу шаралары;
- жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді.
Жануардың тістеуі немесе тырнауын елеусіз қалдырмаңыз! Уақытылы медициналық көмекке жүгініп, дәрігер тағайындаған құтыруға қарсы вакцинация курсын толық алу — аурудың алдын алудың маңызды шарасы.
Жануарлармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық!
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз — сақтық құтырудың алдын алуға көмектеседі.








