Ақтауда мемлекеттік «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

    Ақтауда мемлекеттік «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

    Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысымен «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандары тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша кеңес беріп, қажетті ақпарат ұсынды.

    – Бүгінгі іс-шараға Ақтау қалалық мансап орталығының атсалысуымен бірқатар мекеменің өкілдері қатысып, тұрғындарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынды. Қатысушылар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен еңбек нарығындағы өзекті ұсыныстар туралы ақпарат алды. Тұрғындар мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алу үшін тек жәрмеңке кезінде ғана емес, кез келген уақытта тиісті бөлім мамандарына жүгіне алады, – деді Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Гүлшат Сүлейманова.

    Мұндай іс-шаралар тұрғындарды мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру деңгейін арттырып, жұмыспен қамтуға қатысты мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары