
Бүгін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Ағыбет елді мекенінде болып, Кіші Шаян өзеніне қойылған бөгеттің және ауылға тартылып жатқан (қайта құру) ауыз су жүйесінің жағдайын бақылап көрді. Сонымен қатар, мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын, талап-тілектерін тыңдады.
Аудан басшысы тиісті сала басшыларына, ауылдық округтің әкіміне бірінші кезекте ауыз су жүйесінің сапасына баса назар аударуды, тұрғындармен тығыз байланыста болуды тапсырды.
Айта кету керек,Ағыбет елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары өткен жылы бастау алған. Өтпелі нысан. Тиісті жүмыстар толық аяқталғанда 1069 тұрғын, 204 абонент таза ауыз сумен қамтылады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі






