Абай облысында жылқылар чиптеліп, мал қауіпсіздігі күшейтілді

    Абай облысында жылқылар чиптеліп, мал қауіпсіздігі күшейтілді

    Абай облысының Жарма кентінде мал қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында профилактикалық іс-шара өтті.

    Іс-шара Жарма аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының бастамасымен ұйымдастырылды. Негізгі мақсат — үй жануарларын есепке алу, олардың жоғалуына және қараусыз қалуына жол бермеу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Шара барысында 20 жылқыға чиптеу жүргізілді. Заманауи сәйкестендіру жүйесі жануарлар туралы мәліметтерді есепке алуға, жоғалған немесе қараусыз қалған малдың иесін анықтауға және мал ұрлығының алдын алуға мүмкіндік береді.

    Полиция қызметкерлері мал иелеріне жануарларды уақытылы есепке қоюдың, сәйкестендірудің және қараусыз қалдырмаудың маңызын түсіндірді. Әсіресе елдімекендерде және автожолдарға жақын аумақтарда малдың еркін жүруі жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні ескертілді.

    Полицейлер мал иелерін жауапкершілік танытып, жануарларын белгіленген тәртіппен есепке қоюға, сәйкестендіруге және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

    Малды есепке алу және сәйкестендіру — оның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтаудың маңызды тетіктерінің бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары