Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болып Мұқанбетқали Есенғалиев тағайындалды
Алматы ауданының жаңа әкімін депутаттарға және ұжымға қала басшысы Азамат Бекет таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен, қала әкімінің өкімімен Алматы ауданы әкімі қызметіне бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып келген Мұқанбетқали Есжанұлы Есенғалиев тағайындалды.
Мұқанбетқали Есенғалиев 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Ақтөбе қалалық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
Жиында қала әкімі жаңа басшылықтың негізгі міндеттерін айқындап, міндеттер қойды.
«Ақтөбе қаласының Алматы ауданында халық саны жыл санап өсіп келеді. Жұмыс көп. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмысты жүйелеу және абаттандыру мәселелеріне назар аудару керек. Ол үшін халықпен тікелей байланыста болу қажет», — деді Азамат Бекет.
Өз кезегінде Алматы ауданының жаңа әкімі Мұқанбетқали Есенғалиев өзіне артылған сенімді ақтап, белгіленген міндеттерді сапалы орындауға күш салатынын айтты.
Сондай-ақ аудан ардагерлері жаңа басшылыққа өз тілектерін білдірді.
Мұқанбетқали Есенғалиев Алматы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды
Ұқсас материалдар

Нашақорлықтың және есірткі заттарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары
Ашу
2026 жылғы 25 қыркүйекте «№10 орта мектеп» КММ-де мектеп парламентіне сайлау өтті
Риддер қаласының әкімдігіАшу
Заңды сақтау – қоғамдық келісімнің негізі
Жітіқара ауданының әкімдігіАшу
Қазақстан Беларуське $30 млн-ға коммерциялық техника жеткізеді
ҚР СИМАшу
Дипфейктер мен дауысты қолдан жасау: ЖИ көмегімен жасалған алаяқтықты қалай тануға болады?
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
"Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары
Ауыл шаруашылық техникасын кепілге қалай тіркеуге (қайта тіркеу) тіркеуден шығаруға болады
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратыАшу«Ашық НҚА» порталы
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратыАшуТасымалдаушының шығындарын субсидиялау
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратыАшуЖер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратыАшу"БЖЗҚ" АҚ зейнетақыны уақтылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салады
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратыАшу