
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Әулиекөл ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Әулиекөл ауданының әкімімен кездесу өтіп, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Жосалы ауылында өрт сөндіру бекетін құру мәселелері талқыланды. Нысанның құрылыс барысына және оның алдағы уақытта жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Департамент бастығы Әулиекөл ауылындағы №15 өрт сөндіру бөлімін және Аманқарағай ауылындағы №21 өрт сөндіру бекетін аралады. Бөлімшелерді аралау барысында жеке құрамның қызмет атқаруын ұйымдастырумен, еңбек жағдайларымен, техниканың жай-күйімен және материалдық-техникалық базамен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ауданның өртке қарсы инфрақұрылымын одан әрі дамыту, бөлімшелердің әзірлігін арттыру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті міндеттер белгіленді.









