
Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі Лермонтов атындағы орта мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және түрлі қауіптердің алдын алу мақсатында ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шара барысында оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақтық таныту, өз құқықтарын білу және қиын жағдайға тап болған кезде көмекке жүгіну жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тартудың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.








