
2026 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
📍Кездесу орны: Түркістан қаласы, Жолбарысхан көшесі, 2/1, «Ұлы Дала Елі» орталығының ғимараты.
🕚Бағдарлама:
10:00–11:00 — азаматтарды жеке қабылдау;
11:00–12:00 — халықпен кездесу;
12:00–12:15 — өңірлік БАҚ-пен брифинг.
⏯️ Кездесу ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми «Facebook» және «YouTube» парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
📌Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 29 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
📞Байланыс нөмірі: 8 (778) 592 39 55
📧Электрондық пошта: [email protected]
Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз!









