Петропавлда жастар ресурстық орталықтарының мамандарына арналған семинар аяқталды

    Петропавлда жастар ресурстық орталықтарының мамандарына арналған семинар аяқталды

    Петропавлда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» жобасының бесінші әрі қорытынды кезеңі аяқталды.

    Үш күндік семинар-тренингке еліміздің сегіз өңірінен жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысты. Оқу бағдарламасында заманауи медиа, коммуникация, жастармен жұмыста жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді пайдалану мәселелері қамтылды.

    Биыл жоба аясында Қазақстанның бес өңірінде бес семинар ұйымдастырылды. Оқу курстарынан еліміздің барлық өңірінен жастар ресурстық орталықтарының 200-ге жуық маманы өтті.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары