2026 жылдың 28 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық көптілділік олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың үш тілде коммуникативтік дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту, әлем бейнесін үш тілде түсінуде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
ІІ дәрежелі дипломға Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Қайролла Томирис ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломмен № 1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ален Інжу, 10- сынып оқушысы Амангелді Аружан марапатталды.

