
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Жыл басынан бері аудан аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және қоқысты белгіленбеген орындарға тастау бойынша 3 600-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Барлық факті бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде 677 құқық бұзушылық дронның көмегімен әуеден бақылау жүргізу барысында анықталған.
Полиция тұрғындарды тазалық талаптарын сақтауға, абаттандыру қағидаларын бұзбауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға шақырады.
Тазалық — ортақ жауапкершілік.









