
2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған сотталғандар арасында спорттық іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес, №28 мекемеде ұлттық ойын асық атудан жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа қатысушылар өздерінің мергендігін, зейінділігін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және төзімділігін көрсетті. Сайыс қызықты әрі достық жағдайда өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
Асық ату – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын мергендікке, ептілікке және зейінді шоғырландыруға тәрбиелейді.
Мұндай іс-шараларды өткізу ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды насихаттауға, сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.









