Ақсуат аудандық мәслихаты №188 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы ХАБАРЛАЙДЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ақсуат аудандық мәслихаты №188 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы ХАБАРЛАЙДЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес,Ақсуатаудандық мәслихаты№188учаскеліксайлау комиссиясының1 мүшесінқұрамынан шығып қалғандардың орындарына толықтыру енгізілетіндігі туралы хабарлайды.

    Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдері бес жыл.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтынкандидатура ұсынуға құқылы.

    Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттарөзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкессайлау комиссиясын сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері2026жылдың17-ші қыркүйектенбастап2-шіқарашааралығындаАқсуатаудандық мәслихатына мынадайқұжаттарды тапсырады:

    1)электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;

    2)тиістісайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралысаяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;

    3)саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжатының көшірмесі;

    4)кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

    Өтініштің нысаныАқсуатаудандық мәслихатының ресми сайтына орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

    Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымы қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

    Бір сайлау комиссиясының құрамынажақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлыққұжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефоннөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

    Барлық учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстар 2026жылдың17-ші қыркүйектенбастап2-шіқарашааралығында дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден18:30-ғадейін қабылданады, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ғадейін.

    Ақсуактаудандық мәслихаты

    Оразғалиев Жандос Қанатұлы–Ақсуатаудандық мәслихатының төрағасы.

    Мәслихаттың орналасқан жері:Ақсуатауылы,Кәбеков көшесі№17үй.

    Жауапты:Жаябаев Саят Мұратұлы, кабинет №6,қалааралық телефон коды (872544), қызметтік тел.2-20-11, ұялы тел.8777-307-70-87, факс2-20-11электрондық почтаs.zhayabaev@akimatabai.gov.kz

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары