Егіндікөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні»

    Егіндікөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні»

    23 қыркүйекте ​Егіндікөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Олар жеке табыс салығы мен әлеуметтік салыққа қатысты тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерге, атап айтқанда салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктеріне, шегерімдерге, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және арнайы салық режимдері мәселелеріне кеңінен тоқталды.

    Шара барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.


    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары