Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Ұлытау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.

    Сайлау комиссияларының сандық құрамын сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

    Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2026 жылғы 09 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

    2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat/press?lang=kk

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 09 қазанға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.

    ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

    Аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай к-сі 27

    Аудандық мәслихаттың төрағасы – Құрмансейітов Ахат Құрмансейітұлы.

    Материалдарды жинауға жауапты: Исмагулова Гүлзира Бүркітқызы, аудандық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871035) 2-11-10, 2-12-23, электрондық почта мекен-жайы: [email protected]

    Ұлытау аудандық мәслихаты бос орындарға сайлау комиссияссияларының мүшелерін сайлайды:

    Округтік сайлау комиссиясы:

    №
    п/п

    Сайлау учаскесінің нөмірі

    Сайлау комиссиясының орналасқан жері

    Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

    1.

    №1 Ұлытау сайлау округі

    Ұлытау селосы, Абай көшесі -1, Мәдениет үйі

    1

    2.

    №2 Тайжан сайлау округі

    Ұлытау селосы Бұлқышев көшесі 17. Білім бөлімі ММ ғимараты

    1

    3.

    №7 Алғабас сайлау округі

    Бетбұлақ селосы Берден көшесі 11. Клуб үйі

    1

    4.

    №8 Қаракеңгір сайлау округі

    Бозтұмсық селосы Орталық көшесі 81. Мәдениет үйі

    4

    Учаскелік сайлау комиссиясы:

    №
    п/п

    Сайлау учаскесінің нөмірі

    Сайлау комиссиясының орналасқан жері

    Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

    1.

    №103 Алғабас сайлау учаскесі

    «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Алғабас ауылдық клубы», Алғабас ауылы, Берденов көшесі 11.

    1

    2.

    №122 Терісаққан сайлау учаскесі

    «Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Терісаққан ауылы, Ұлытау көшесі 1.

    4

    3.

    №127 Қорғасын сайлау учаскесі

    Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шеңбер ауылы, Комсомол көшесі 21А

    1

    Ұлытау аудандықмәслихатының

    төрағасыА.Құрмансейітов

    4 қосымша округ

    4 қосымша учаск

    өтішіш округ

    өтішіш учаск

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары