
Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және терроризмнің алдын алу бөлімі білім беру нысандарының басшыларымен және олардың орынбасарларымен, мәдениет нысандарының жетекшілерімен және қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бөлім басшысы Г. Шұңғырбаева білім беру және мәдениет саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал нысандардың антитеррористік қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды жеткізді.
Эвакуациялау алгоритміне, күдікті заттар табылған кездегі мінез-құлық ережелеріне, сондай-ақ балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін мекемелердегі өткізу режимін тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, төтенше жағдайларда персоналдың іс-әрекеттерін автоматтылыққа дейін жеткізуге мүмкіндік беретін практикалық жаттығуларды жүйелі түрде өткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды






