Табиғатты қорғауға бағытталған игі шара өтті

    Табиғатты қорғауға бағытталған игі шара өтті

    Су айдындарын қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Өзенді балыққа толтыру» акциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шараны қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бірлесіп жұмыс атқарды. Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында өтті. Акция барысында су айдынына балық шабақтары жіберіліп, табиғи су ресурстарын тиімді пайдалану, су экожүйесін сақтау және балық қорын молайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, қатысушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, балық аулау кезінде белгіленген ережелерді бұзбау және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау жөнінде түсіндірме берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары