
23 қыркүйек күні кешке Талдықорған қаласындағы жеке тұрғын үй секторында өрт шықты. Өрт жеке үйдің шатырынан басталып, жақын орналасқан шаруашылық құрылысына да тараған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылар қызыл жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Өрт салдарынан тұрғын үйдің 60 шаршы метр шатыры және шаруашылық құрылыстың 50 шаршы метрі зақымданды.
Құтқарушылар өртті толықтай сөндірді. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.









