Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:
- жұмыспен қамту;
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 28 қыркүйегінен 2026 жылғы 29 қыркүйегіне дейін.




