Кәсіби медициналық кездесу өтті

    Кәсіби медициналық кездесу өтті
    Кәсіби медициналық кездесу өтті
    Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Қытай Халық Республикасының Hygeia Healthcare Group медициналық делегациясымен кәсіби медициналық кездесу өтті.
    Оған Қытай Халық Республикасынан келген тәжірибелі профессорлар мен онкологтар қатысты. Олар Жамбыл облысының онколог-дәрігерлерімен кездесіп, онкология саласындағы заманауи диагностика мен емдеу тәсілдері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
    Кәсіби кездесу барысында:
    • онкология және сәулелік терапия;
    • урология;
    • заманауи диагностика және емдеу әдістері;
    • күрделі клиникалық жағдайларды талқылау;
    • халықаралық тәжірибе алмасу;
    • екінші медициналық пікір алу мүмкіндіктері;
    • дәрігерлер арасындағы кәсіби ынтымақтастық;
    • мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру;
    • болашақ бірлескен медициналық жобалар бойынша пікір алмасу жүргізілді.
    Сонымен қатар, кездесуде нақты клиникалық жағдайлар талқыланды.
    Мұндай халықаралық кездесулер медициналық тәжірибені жетілдіруге, заманауи технологиялар мен емдеу әдістерін зерделеуге, сондай-ақ дәрігерлер арасында тұрақты кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары