ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР: МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІНІҢ ҮШТЕН ЕКІ БӨЛІГІН МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ

    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР: МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІНІҢ ҮШТЕН ЕКІ БӨЛІГІН МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ
    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР: МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІНІҢ ҮШТЕН ЕКІ БӨЛІГІН МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ
    Бүгін Үкіметте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңесте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы баяндады.
    Қазақстанда мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің кең көлемі көрсетіледі. Мемлекеттің есебінен алғашқы және шұғыл медициналық көмек, вакцинациялау, шұғыл стационарлық және паллиативтік көмек, әлеуметтік мәні бар және ауыр созылмалы ауруларды емдеу, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
    Бұл ретте сатып алынатын медициналық көмектің жалпы көлемінің шамамен 67%-ы мемлекет есебінен - ТМККК қаржыландыру және азаматтардың жеңілдік санаттары үшін сақтандыру жарналарын төлеу арқылы қамтамасыз етіледі.
    Соңғы жылдары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін пациенттердің саны едәуір артты: 2018 жылғы 1,9 млн адамнан 2026 жылы 3,4 млн адамға дейін өсті.
    Сонымен қатар дәрілік препараттардың тізбесі клиникалық тиімділігі, қауіпсіздігі және емдеу нәтижелілігі ескеріле отырып қайта қаралуда.
    2026 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қаржыландыруға 1,6 трлн теңге, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне 1,7 трлн теңге көзделген.
    Мемлекет басшысы өз сөзінде есту қабілеті бұзылған балаларды есту аппараттарымен тегін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып, оларды Қазақстанда өндіруді қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырды.
    Бүгінде диспансерлік есепте есту қабілеті бұзылған 6 008 бала тұр.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары