Бурабай ауданында мас мотоцикл жүргізушісі құқығынан айырылып, рульге қайта отырған

    Бурабай ауданында мас мотоцикл жүргізушісі құқығынан айырылып, рульге қайта отырған

    Бурабай ауданы ауылдарының бірінде полиция қызметкерлері көлік құралын орташа дәрежеде мас күйде басқарған мотоцикл жүргізушісін ұстады.
    Патрульдеу кезінде құқық бұзушыны учаскелік полиция инспекторы байқады. Мотоциклдің люлькасында жүргізушіден басқа жолаушы болған.
    Тексеру барысында ер адамның осындай бұзушылық үшін жауапқа тартылғаны анықталды. 2025 жылы ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
    Осыған қарамастан, ер адам қайтадан мас күйінде рульге отырып, мотоциклді басқарды.
    Көлік тәркіленді. Құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша оған қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
    Полицейлер мас күйінде көлік құралын басқару жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары