
Өткен демалыс күндері Ақмола полицейлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған 37 бұзушылықты анықтады. 23 жағдайда жасөспірімдер түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болды.
Тәртіп сақшысының айтуынша, мұндай рейдтер үнемі өткізіліп тұрады. Олардың басты мақсаты-құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, балалар қылмысының алдын-алу ерекше бақылауда екенін атап өтті. Қызметкерлер кәмелетке толмағандармен де, олардың ата-аналарымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Полицейлер ересектерге баланың кешке және түнде қайда және кіммен жүретініне назар аудару оның қауіпсіздігінің маңызды бөлігі екенін еске салады.








