Павлодарда "Қауіпсіздік коды" акциясы аясында полицейлер профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр

    Павлодарда "Қауіпсіздік коды" акциясы аясында полицейлер профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр

    Павлодарда "Қауіпсіздік коды" акциясы аясында полицейлер профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.

    Полиция қызметкерлері "Қауіпсіздік коды" акциясы аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

    Полицейлер аулалар мен қоғамдық орындарды аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Азаматтарға отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жанжалдарды уақтылы шешудің маңыздылығы және қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну қажеттігі түсіндіріледі.

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінеді. Полицейлер тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ көмек алудың қолжетімді жолдары көрсетілген брошюралар мен жадынамалар таратады. Ақпараттық материалдар тұрғындарға ортақ пайдаланылатын орындарға да орналастырылады.

    Акцияның негізгі мақсаты — зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алып қана қоймай, азаматтардың өз құқықтары мен қолжетімді қорғау шаралары туралы хабардарлығын арттыру. Полиция азаматтарды зорлық-зомбылық жағдайларына бей-жай қарамауға шақырады. Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төнген жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары