
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бөлімдер, қызметтер мен мекемелер басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Кеңес басталар алдында аудан әкімі активке мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші Иван Строкуленконы таныстырды.
Кеңес барысында 2026–2027 жылдардағы алдағы жылыту маусымына аудан нысандарын дайындау, қарт адамдар айлығын өткізу және бірқатар ағымдағы мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты басшыларға нысандарды жылыту маусымына уақытылы, әрі сапалы дайындауды тапсырды. Жеткізілетін көмірдің сапасына және оның жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне ерекше назар аудару тапсырылды.
Ауылдық округ әкімдеріне ауылдық елді мекендерге тұрғындар мен жаңа мамандарды тартуға бағытталған бейнероликтер әзірлеу жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердің құрылысы мен оларды уақтылы пайдалануға беруге бағытталған жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.









