Арыс қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс

    Арыс қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс

    Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Арыс қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды:

    Лот №

    Сауда павильондарының (әлеуметтік дүкендердің) орналасқан жері

    Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) көлемі

    1

    Арыс қаласы, Салықбаев Б. көшесі,

    24 м2

    2

    Арыс қаласы, Ардагерлер көшесі,

    24 м2

    Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;

    Сауда павильонын мүліктік жалға беру мерзімі 1 жыл;

    Сауда павильонын мүліктік жалға беру шарттары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Қоғамның азық-түлік тауарларын өткізу.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылдың 17 қыркүйектен 1 қазан аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін) Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 20 ғимарат, 4 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

    • 1-қосымшаға сәйкес мүлікті жалға беруге арналған сауда павильонын ұсынуға арналған өтініш нысаны;
    • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу құжатының көшірмесі, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) - консорциум келісімінің көшірмесі;
    • кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің жеке күәлігінің көшірмесі;
    • кәсіпкерлік қызметке қаражаттың бар екендігі туралы банктің белгісі бар жеке ағымдағы шоттың құжаты;
    • кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің салық қарызының жоқтығы туралы анықтама.

    Қосымша:

    • өкілдің сенімхатын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
    • презентацияның немесе бизнес-жоспардың болуы (бар болса);
    • сауда павильондарының одан әрі жұмыс істеуі үшін қаржылық ресурстардың болуы (анықтама);
    • анықтаманың болуы (көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, III топтағы мүгедектер)

    Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8-702-851-30-31

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Арыс қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары