САУРАН АУДАНЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕУДЕ

    САУРАН АУДАНЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕУДЕ
    Халықтың тұрақты табысын арттыру, жұмыспен қамтуды кеңейту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы тиімді тетіктерді зерделеу мақсатында Ташкент қаласында жұмыс сапары өтуде.
    Аталған сапарға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қатысып, Өзбекстан Республикасының халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтардың тұрақты табыс көздерін қалыптастыру бағытындағы тәжірибесін зерделеуде.
    Жұмыс сапары барысында тараптар халықтың экономикалық белсенділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша тәжірибе алмасады.
    Сапардың негізгі мақсаты – Өзбекстанның тиімді тәжірибелерін зерделеп, оларды Қазақстан өңірлерінде, соның ішінде Сауран ауданында қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.
    Халықтың табысын арттыру және жұмыспен қамтуға жағдай жасау – Сауран ауданындағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
    ©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сауран ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары