Атырау облысы Әділет департаменті кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2026 жылғы қыркүйек айында Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқық бөлімінің қызметкерлері тауар белгілерін пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Дина» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, аталған саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілері, қазіргі уақытта кеңінен таралған контрафактілік өнімдердің айналымы және олардың құқық иелеріне, тұтынушыларға тигізетін кері әсері жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің назарына тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені жеткізілді.
Атырау облысы Әділет департаменті кәсіпкерлерді зияткерлік меншік құқықтарын сақтауға және тауар белгілерін заң талаптарына сәйкес пайдалануға шақырады.
Атырау облысы Әділет департаменті кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Ұқсас материалдар

МИНИСТР АУЫР ЖАРАҚАТТАРДЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
ҚР ДСМАшу
Еңбек күні қарсаңында еңбек заңнамасы бойынша кезекті түсіндіру кездесуі өткізілді
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіАшуСаяси партияларға және қоғамдық бірлестіктеріне!
АшуАудандық мәслихат депутаттарының назарына ШҰҒЫЛ!
Жуалы ауданы мәслихатының аппаратыАшу
Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында ұстаздармен ұлттық мұраға арналған тағылымды кездесу өтті.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасыАшу
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары
Тұщықұдық ауылдық округінде «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуИсатай ауданында «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуТАУАР БЕЛГІСІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ФАКТІСІНІҢ АНЫҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуАтырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу