Аманқарағай ауылдық округінде «World Cleanup Day» экологиялық акциясы өтті

    Аманқарағай ауылдық округінде «World Cleanup Day» экологиялық акциясы өтті



    Бүгін Аманқарағай ауылдық округінің аумағында халықаралық «World Cleanup Day» экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған сенбілік өтті.

    Экологиялық акцияға ауылдық округтегі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты. Акция барысында қатысушылар қоғамдық аумақтарды тазалап, тұрмыстық қоқыстарды жинап, ұйымдар мен мекемелерге іргелес аумақтарды ретке келтірді.

    Мұндай іс-шаралар елді мекендерде тазалық пен тәртіпті сақтауға, аумақтарды абаттандыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Акцияға белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

    #ТазаҚазақстан #WorldCleanupDay

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары