
«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ мамандары 2026 жылғы қаңтарда кентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық – түсіндіру іс-шараларын өткізді: кенттің қоғамдық орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы плакаттар орналастырылды, халықтың әртүрлі топтары арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен кезде азаматтардың іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ осындай фактілерге жәрдемдесу үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынама таратылды.








