Жұмыс сапары барысында ауылдық білім беру мәселелері талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жұмыс сапары барысында ауылдық білім беру мәселелері талқыланды

    Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Серік Құдабай Владимировка ауылындағы жалпы білім беретін мектепке барды.

    Мектеп шағын жинақты мектептер санатына жатады. Білім беру ұйымында балалардың білім алуына қажетті жағдайлар жасалған, заманауи құрал-жабдықтар бар. Оқу процесі екі қабатты ғимаратта ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқушылар саны аз.

    Сапар барысында мектепті педагог кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.

    Айта кету керек, мектепке «Свободное» ЖШС басшысы А.А. Закусилов тұрақты түрде демеушілік қолдау көрсетіп келеді.

    Аудан әкімі тексеру қорытындысы бойынша ауыл мектептеріне жас педагогтарды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жас мамандардың ауылға жұмыс істеуге келіп қана қоймай, осында тұрақты тұрып қалуына жағдай жасауға ерекше назар аудару қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары