ШҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ШҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

    ШҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

    7-15 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Қалалық және ауылдық жерлердегі үздік қоғамдық көмекші» республикалық байқауы өтті.

    Байқауға құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында полиция қызметкерлеріне қолдау көрсетіп жүрген 66 қоғамдық көмекші қатысты.

    Байқау қорытындысы бойынша қаладағы қоғамдық көмекшілер арасында бірінші орынды Өскемен қаласының тұрғыны Кенжебаев Нұржан Сырымұлы иеленді.

    Ал ауылдық жердегі қоғамдық көмекшілер арасында Шемонаиха ауданы Камышенка ауылының тұрғыны Дюсупов Руслан Камашевич жеңімпаз атанды.

    Жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Полицияның қоғамдық көмекшілері құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына белсенді қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосуда.

    Олардың еңбегі облыс елді мекендеріндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың маңызды бөлігі саналады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары