«Жолда қабылдау»: тұрғындардың сауалдарына жауап берілді

    «Жолда қабылдау»: тұрғындардың сауалдарына жауап берілді

    Жетісу облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғындармен кері байланысты нығайту мақсатында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде.

    Іс-шараға Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері және прокуратура қызметкерлері қатысты.

    Акция барысында тұрғындар жол қозғалысы ережелері, әкімшілік заңнама, автомобиль жолдарының жай-күйі, жол белгілерін орнату, жол инфрақұрылымын жетілдіру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Әрбір өтініш бойынша сала мамандары тиісті түсіндірмелер беріп, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын түсіндірді.

    Сонымен қатар азаматтарға жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    «Жолда қабылдау» акциясының негізгі мақсаты – тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою, жол қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылау және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы тиімді кері байланысты қалыптастыру.

    Жетісу облысының полициясы мұндай ашық форматтағы кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары