«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді

    «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді

    «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясының Абай облысы бойынша департаменті қала прокуратурасы және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесіп, құрылыс объектілерінде ауыр өндірістік жарақаттарға әкеп соққан жазатайым оқиғалар фактілерінің жиілеуіне байланысты еңбекті қорғау саласындағы профилактикалық жұмысты күшейтті.


    Іс-шара барысында 11 құрылыс объектісінің (көппәтерлі тұрғын үйлер) жұмысшыларына еңбек заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, олардың құқықтары мен міндеттері жеткізілді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.


    Іс-шара қорытындысы бойынша еңбек ұжымдарына, оның ішінде жұмыс берушілерге арнайы жадынамалар таратылды.


    Негізгі мақсат – құқықтық мәдениетті нығайту, жұмысшылардың хабардарлық деңгейін арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға әрі оны төмендетуге бағытталған қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру.

    Бейнеролик сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/media/details/88488?lang=ru

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары