Жаңалық

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жаңалық
    КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР
    Кентау қаласында кәсіпкерлікті қолдау және өндіріс саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейтіп отырған жергілікті кәсіпкер Ратмир Аширбаевтың көлік жөндеу және өндірістік қызмет көрсету орталығы.
    Ратмир Маратұлы 2010 жылдан бері шағын өндіріс саласында кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өндірісті кеңейтуге қажетті заманауи техника мен құрал-жабдықтар сатып алған. Кәсіпкерге Кентау қаласының индустриялық аймағынан 1,5 гектар жер телімі бөлініп, жоспарланған өндірістік цех іске қосылды. Бүгінде кәсіпорында 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірістік орталықта дәнекерлеу, кесу, бұрғылау, өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорында қара металдан қажетті бөлшектерді өңдеп, дайын өнімге дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда тапсырыстар Түркістан және Қызылорда облыстарынан да түсуде.
    Кәсіпкер алдағы уақытта өндірістік цехтың жұмыс ауқымын кезең-кезеңімен кеңейтіп, ауыл шаруашылығына қажетті техника мен қосалқы бөлшектерді өндіру бағытындағы жұмысты дамытуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, өндірістік қуаттылықты арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашу көзделген.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    ————
    КЕНТАУСКИЙ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬ РАЗВИВАЕТ БИЗНЕС С ПОМОЩЬЮ ПРОГРАММЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ»
    В городе Кентау системно ведётся работа по поддержке предпринимательства и развитию производственной сферы. Один из примеров — центр по ремонту автомобилей и производственному обслуживанию местного предпринимателя Ратмира Аширбаева, который расширяет своё дело в рамках программы «Ауыл аманаты».
    Ратмир Маратулы занимается предпринимательством в сфере малого производства с 2010 года. В рамках программы «Ауыл аманаты» он получил льготный кредит под 2,5% и приобрёл современную технику и оборудование, необходимые для расширения производства.
    Предпринимателю выделили 1,5 гектара земли в индустриальной зоне Кентау, где был запущен запланированный производственный цех. Сегодня на предприятии постоянной работой обеспечены 7 человек.
    В производственном центре выполняются сварочные, режущие, сверлильные и другие виды работ по обработке металла. Здесь есть возможность обрабатывать детали из чёрного металла и доводить их до готового изделия. В настоящее время заказы поступают не только из Туркестанской, но и из Кызылординской области.
    В дальнейшем предприниматель планирует поэтапно расширять работу производственного цеха и развивать производство техники и запасных частей, необходимых для сельского хозяйства. Также предусмотрено увеличение производственных мощностей и создание дополнительных рабочих мест.
    Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары