
Кезекті XLV сессиясында қаралатын әлеуметтік мәселелер бойынша есептерді сапалы дайындау және мекемелердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы арнайы қалалық мәслихат төрағасының өкімімен бекітілген уақытша жұмыс комиссиясымен отырыс өткізді. Отырыс барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған жастар жөніндегі комиссиясының атқарылып жатқан жұмысы туралы», «Приозерск қаласында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмысы туралы», «Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылған шаралар туралы» есептері тыңдалып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тұрақты комиссия баяндамашыларға өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қорытындылай келе алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына дейін есептерді толықтырып, нақтылау ұсынылды. Отырыстың мақсаты – әлеуметтік мәселелер бойынша есептерді жан-жақты зерделеу, олардың сапалы әрі мазмұнды дайындалуын қамтамасыз ету, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстарын талқылау және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарды өзара үйлестіру.








